24 маусым: Ел тарихында орын алған оқиғалар

1999 жылы Алматыдағы Ғалымдар үйінде 10 томдық «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясының алғашқы томының тұсаукесер рәсімі өтті.
2010 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Кеден одағының кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Сондай-ақ Елбасы «2009 жылғы қарашаның 27-сіндегі Кеден одағының кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
2017 жылы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Ежелгі Мысыр ескерткіштері» көрмесінің ашылу салтанаты болып өтті.