Жалағашта Қазақстан полициясы күніне орай салтанатты шара өтті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Бүгін Жалағаш аудандық Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйінде 23 маусым –Қазақстан полициясы күніне орай салтанатты шара өтті. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шараны аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев ашып, ел үшін ерен еңбек үлгісін көрсетіп жүрген полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, аудан әкімінің алғыс хаттарын табыстады.
Полиция – халықтың қорғаушысы, құқықтың берік қалқаны, заңның үстемдік құрып, әділеттің салтанат орнатуы үшін қызмет ететін абыройлы орган. Жұрттың қорғаны болған полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын,-деді аудан басшысы өз сөзінде.
Сондай-ақ, салтанатты шарада полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Ағаділов ел қорғаны полиция қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, сала ардагерлері мен қызметкерлерін марапаттады.
Салтанатты шара полиция қызметкерлері күніне арналған концерттік бағдарламаға ұласты.