Жастар ресурстық орталығы мен департамент бастығы меморандумға қол қойды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәжіліс залында Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мен Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумды бекітті.
«Жастар ресурстық орталығының» директоры Абылайхан Сабанбаев пен Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержанов Қазақстан Республикасының заңнамаларын басшылыққа ала отырып, өз құзыреттері және өкілеттіктері шегінде, азаматтық қорғау саласында профилактикалық іс-шараларды қамтамасыз ету және жүргізу мақсатында осы меморандумға қол қойды.
Негізгі мақсаты - «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ез міндеттері мен функцияларын іске асыруға Тараптардың әр қайсысының күш-жігерін шоғырландыру арқылы төтенше жағдайлардың туындау тәуекелін барынша азайту үшін, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау болып табылады.
Еріктілер іс-шара барысында Департамент ауласындағы құтқару және өрт сөндіру құрал-жабдықтарымен, техникаларымен танысты.