Қызылордалықтарға жылудан 80 миллион теңге қайтарылады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Заңға сәйкес жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын тұтынушыларға тікелей не тұтынушының тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметке ақы төлеу кезінде тарифті төмендету арқылы қайта есептеуді жүргізуге міндетті.

«Сараптама нәтижелері бойынша 2018-2019 жылу беру кезеңінде жылу есептеу аспаптары жоқ тұтынушыларға тікелей қайтарылатын сомасы ҚҚС-мен 80,6 млн теңгені құрады. «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК-ны бойынша 78,1 млн теңге немесе орташа 1 шаршы метрге ҚҚС-мен 50,07 теңге» делінген хабарламада.