ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ПӘНІ ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНЕ 2017 ЖЫЛЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
Қазақстан мектептері мен жоғары оқу орындарында жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін қозғайтын пән 2017 жылы пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап Tengrinews.kz тілшісі жазады.
Қазіргі уақытта Қазақстанның білім беру мекемелеріне білім берудің барлық деңгейінде жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі сабақтардың қажеттілігі туралы хаттар жіберіледі. Бастапқы кезде тоқсанда немесе семестрде бірнеше сағатқа есептелген тематикалық сабақтар болады. Ал жаңа оқу жылынан бастап (2015-2016 жылдар) мектептерде - "Адам және құқық", "Өзін-өзі тану", жоғары оқу орындарында - "Құқық негіздері" сияқты қоғамдық пәндердің аясында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша сағаттарды қарастыру жоспарланып жатыр.
2016-2017 жылдардан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жеке пәнді енгізу туралы мәселені талқыланады. Себебі бұл мәселе білім беру нормаларын, сағаттарды және басқа жағдайларды қайта қарауды талап етеді. Яғни, әзірше қоғамдық пәндердің аясында ғана, ал одан кейін жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жеке пәнді енгізу туралы мәселе көтеріледі. Жемқорлыққа қарсы ағарту жұмыстарымен балабақшалардың да қамтылатынын атап өтті.
Агенттік өкілдері мектепке дейінгі білім беру орындарында интерактив әдістерді - ойындарды, мульфильмдер мен комикстерді қолданбақ. Ал мектептер мен жоғары оқу орындарында дәріс оқу үшін, кормативтік-құқықтық актілерді түсінікті түрде түсіндіріп беру үшін мемлекеттік органдардың өкілдерін шақыруды жоспарлап отыр.
Қазақстан бұл жағынан жаңалық ашып отырған жоқ. Бұған Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің тәжірибесі негізге алынған. «Гонконгтың үлгісі өзгелерге қарағанда сәтті, олар 70-жылдардан бастап балабақшаларда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл пәнін енгізе бастады. Яғни олар әлеуметтік зұлымдыққа, феноменге қарсы пікірі қалыптасқан ұрпақты өсіру үшін жұмысты балалардың ерте жасынан бастады. Сәйкесінше жемісін көре бастады. Таяуда бір оқиға болды. Инкасатор көлігі аударылып, ақша жол бойына шашылды. Ал сол ақша сол орнында қайтарылды, яғни ол жақта жемқорлыққа қарсы тұру деңгейі сондай», - деді агенттік өкілдері.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы істер жөніндегі агенттік мемлекеттік қызметкерлерге, кәсіпкерлерге, үкіметтік емес ұйымдарға, БАҚ-тарға және азаматтарға жемқорлыққа қарсы ағарту жөнінде оқыту және білім беру бағдарламаларын таратуды жоспарлап отыр.