Арыстағы жарылыстан зардап шеккендер жоқ - Қорғаныс министрлігі
oldkaz.kyzylorda-news.kz. ҚР Қорғаныс министрлігі Арыс қаласының әскери бөліміндегі жарылыс туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«24 маусым күні Түркістан облысының арыс елді мекеніне жақын жерден өрт тұтанып, әскери құралдардың жарылуына әкеп соқты. Қазіргі таңда зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Оқиғаның себептері анықталуда», - делінген ресми мәліметте.
Министрлік тарапынан оқиға орнына арнайы комиссия жөнелтілді.
Ресми мәліметке сүйенсек, Қарулы күштердің жеке құрамы апатты жою және салдарын азайту бойынша шаралар қабылдап жатыр.
Айта кетейік, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болған болатын. Қазіргі таңда арнайы шұғыл желі ашылды.