Сырдариялық түлек 139 балл еншіледі
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Кеше сырдариялық 204 оқушы Қызылорда қаласындағы «Мұрагер» мектебінің базасында орналасқан тестілеу орталығында ҰБТ тапсырған болатын.
Білім бәсекесінде бағы жанған бесарықтық, №147 мектеп түлегі Өтеген Ақерке Мұратқызы ең жоғарғы нәтиже 139 балл еншіледі. Бұл көрсеткіш аудан бойынша үлкен жетістік.
Ол «Үздік аттестат» иегері. Аудан мерейін асқақтатқан түлек жаратылыстану бағыты бойынша биология-химия пәндерін таңдаған. Барлық сұрақтың біреуінен ғана мүлт кеткен Ақеркенің болашағынан зор үміт күтеміз.