Полицейлер жаңа тәртіпте аттестациялаудан өтеді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Осы жылдың қазан айында полицияның жеке құрамы кезектен тыс аттестациядан өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Президенттің тапсырмасына сәйкес, осы жылдың қазан айында полицияның жеке құрамы кезектен тыс аттестацияланады. Тәртіп сақшылары заңнаманы білу қабілеті бойынша компьютерлік тестілеуден және логикалық сынынан өтеді. Полиция қызметкерлері физикалық даярлығы және оқ ату қабілеті сыналады. Аттестаттаудың барынша ашықтығы мен шынайылығы үшін видеотүсірілім жасалады», - деді Ерлан Тұрғымбаев халыққа есеп беру жиынында.
Полиция қызметкерлерінің тестілеуін арнайы комиссия бақылайды. Ол комиссияның құрамына жеке қауіпсіздік қызметкерлері, ардагерлер ұйымдарының өкілдері, Қоғамдық кеңестер мен полиция департаментінің жанындағы кеңестік органдардың мүшелері енеді.