Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 22 маусымға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Бүгін өміріңізді жаңа бағытқа бұрасыз. Өткенді артқа тастап, барлығын ұмытуға тырысасыз. Сізді көп өзгеріс күтіп тұр. Ең алдымен өзіңізге не қажет екенін айқындап алыңыз. Сонда ғана қайта қателікке бой алдырмайсыз.
Торпақ
Табысыңыз артады. Бірақ бұл айлық жалақыңызға еш қатысы жоқ. Яғни, сіз қосымша табыс табатын боласыз. Жол сапарға шығыңыз, сонда сіздің үй шаруасы мен жұмыстан шаршағаныңыз басылады.
Егіздер
Достарыңыздың арқасында үмітіңіз ақталады. Серіктестермен бірігіп жұмыс жасау өз пайдасын әкеледі. Өз күшіңізге сеніп, өзіңізді жоғары бағалаудан сақтаныңыз. Бұл мақсатқа жетуге кедергісін келтіруі мүмкін.
Шаян
Бұрын атқарған жұмыстарыңыздың жемісін көресіз. Үй салу немесе отбасын құруды жоспарласаңыз, барлығына мұқият болыңыз. Мақсатқа жетуге нық қадам бассаңыз, өзгелердің қызғанышын тудыратындай әрекет етпеңіз.
Арыстан
Кәсіби тұрғыда біліктілігіңіз артады. Жұмыста өз құзыретіңізді толық пайдаланасыз. Бүгін тіл табыса алмай жүрген адаммен ымыраға келесіз. Өзіңіз ақылға қонымды мінез-құлық танытсаңыз, жолыңыз әркез болады.
Бикеш
Жұмысыңыз бірқалыпты. Жақындарыңызбен қарым-қатынасыңыз жақсарады. Жоспарланған барлық істі атқаруға мүмкіндігіңіз артады. Әріптесіңізбен қарым-қатынасты бұзып алмаңыз.
Таразы
Өз ісіңізге мығымсыз. Сондықтан жұмыста қысқарып қаламын деген ойдан аулақ болыңыз. Егер басыңыз бос болса, екінші жартыңызды жолықтырасыз. Ал отбасылы болсаңыз бүгін өмірлік серігіңіз таңқалдыратын болады.
Сарышаян
Арманыңызға жетуге бірнеше ғана қадам қалды. Сәттілік серігіңізге айналғалы тұр. Сондықтан тез шешім қабылдағаныңыз жөн. Нағыз бақытты күндерге қарай жақындап келесіз.
Мерген
Болмашыға бола мазаңызды қашырғыңыз келмейді. Алайда барлығы сіз қалағандай болмайтыны анық. Көңіл-күйіңіздің жоқтығынан жаныңыздағыларды ренжітіп алмаңыз. Бүгін отбасыңыздың жанында болыңыз.
Тауешкі
Мақсатқа жетуге деген құлшынысыңыздың, еңбекқорлығыңыздың арқасында көп жетістікке жетесіз. Материалдық жағдайыңыз жақсарады. Сондықтан қайырымдылықпен айналысқаныңыз жөн.
Суқұйғыш
Мақсатқа жету оңай емес, бірақ табандылық танытар болсаңыз ойыңыздағы орындалады. Есіңізде болсын, бүгін тек өзіңіз сенетін адамдарға ғана сенім артыңыз. Әйтпесе, әлдекімдер алдап кетуі мүмкін.
Балықтар
Қосымша табыс тауып, материалдық жағдайыңызды жақсартасыз. Маңызды шаруаларға білек сыбана кірісіңіз. Тез шешім қабылдауға тырысыңыз. Бүгін сіз көп еңбектенуіңіз қажет.