Аралда 425 жас түлек ҰБТ тапсырып жатыр
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Бүгін Арал ауданы бойынша 425 мектеп бітіруші он бір жыл бойы алған білімдерін таразыға салып, сынауда.
Бітіруші түлектерді қолдауға аудан әкімінің орынбасары Мерей Мейірбеков арнайы келіп, сын сағатта бәріне ақ тілегін білдіріп, сәттілік тіледі.
Ұлттық біріңғай тестілеу өтіп жатқан Арал қаласындағы №262 мектеп-гимназиясында 12 аудитория талапқа сай жабдықталған. Тестілеудің өту барысын бақылау мақсатында барлық аудиторияларға және залға арнайы бейнебақылау камералары орнатылып, өз кезегінде ата-аналар үшін онлайн трансляция жүргізілуде.
Айта кетейік, биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша аралдық 41 түлек «Алтын белгі», 11 түлек «Үздік аттестат» иегері атанып отыр.