Жемқорлар 3,5 жылда бюджетке 100 млрд теңге залал келтірген
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеу департаментінің басшысы Қ.Сүлейменов осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды informburo.kz.
Департамент басшының айтуынша, 2016 жылдан бастап 2019 жылдың мамырына дейін жемқорлыққа қатысты барлық қылмыстан 55,6 млрд теңге қайтарылған, бюджетке 94,6 млрд теңге залал келтірілген.
Мәселен, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету саласында осы мерзім ішінде жемқорлыққа қатысты 69 заң бұзу деректері анықталған. Салдарынан мемлекетке 1,8 млрд теңге залал келген. Осыған байланысты 32 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 24-і сотталған.