Қызылорда облысы прокурорының орынбасары тағайындалды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Бас Прокурордың бұйрығымен Нұрлан Ерманов Қызылорда облысы прокурорының орынбасары болып тағайындалды.
Н. Ерманов 1981 жылы дүниеге келген.
Құқық қорғау органдарындағы қызметін 2001 жылы бастап, прокуратура жүйесінде 2006 жылдан бері жұмыс істейді. Әр жылдары ол Қызылорда көлік прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының басқарма бастығы, сол облыстың прокурорының аға көмекшісі қызметтерін атқарған.
2018 жылдан бастап Ақмола облысы Атбасар ауданының прокуроры.
Сыныптық шені - әділет кеңесшісі.