Ван Гогтың зеңбірегі аукционда сатылды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Францияда әйгілі қылқалам шебері Винсент Ван Гогтың зеңбірегі аукционда 162 мың 500 еуроға сатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».Оның алғашқы құны 40 пен 60 мың еуродан басталған болатын. Зеңбіректің жаңа иесінің есімі әзірге белгісіз. Болжам бойынша, Винсент Ван Гог дәл осы қарумен өз-өзіне қол жұмсаған. Зеңбірек 2016 жылдан бері Амстердамдағы Ван Гогтың мұражайында сақталған болатын.
Естеріңізге салайық, атақты нидерландтық суретші 1890 жылы 37 жасында көз жұмды.