Облыстық байқаудың жеңімпаздары марапатталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауының жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті.

Байқау қорытындысы бойынша «Үздік мақала» номинациясы - облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі Ержан Қожасовтың «Ол суына бұл суын, Құдайымның қосуын» мақаласына, «Үздік телебағдарлама» номинациясы - облыстық «QYZYLORDA» телеарнасының журналисі, тележүргізуші Толқын Қабылшаның «Мәртебелі тіл» хабарына, «Үздік сайт мақаласы» - номинациясы қазақ тілді сайт бойынша «oldkaz.kyzylorda-news.kz» ақпараттық агенттігінің тілшілері Динара Маханованың «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі», «Жапон студенті диплом жұмысын жазу үшін Қызылордаға келетінін айтты» және орыс тілді сайт бойынша Жәнібек Исаевтың «CROCODYIUS+КРОКОДИЛ = ҚОЛТЫРАУЫН» мақаласына берілді.
Байқау жеңімпаздарына арнайы диплом мен қаржылай сыйлықтар табысталды.
Сонымен қатар, жеңімпаздардың материалдары республикалық кезеңге жолдама алды.