ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАМАҒАН ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА 10 МЛН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН
Қызылорда облысы ТЖД мәжіліс залында ҚР ІІМ ТЖК төрағасының орынбасары генерал-майор Ж.Қ.Жұмашевтің 2014 жылғы жұмыс қорытындысы және алдағы жылдың жоспарлары жөнінде қорытынды жиын өткізді.
«Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2014 жылда төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бағытында атқарған жұмыстары және 2015 жылға алға қойылған мақсаттары» тақырыбында Департамент бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі С.С.Өмірзақов баяндама жасады.
«2014 жылы облыстық төтенше жағдайлар комиссиясында, қызылорда қаласында, аудандарда 99 отырыс өткізілді: оның ішінде: 9-облыстық, 90 қалалық және аудандық комиссияларда (Қызылорда қаласында – 6; Арал ауданында – 14; Қазалы ауданында – 6; Қармақшы ауданында – 18; Жалағаш ауданында –5; Сырдария ауданында – 9; Шиелі ауданында –16; Жаңақорған ауданында - 16), сонымен бірге оның нәтижесі қадағаланып отырылады.
Жыл басынан бері аталмыш комиссия отырыстарында 32 өзекті мәселе қаралып, шешімін тапқан.
Облыс аумағында Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің авариялық құтқару қызметімен 987 авариялық құтқару жұмыстары жүргізілді. Авариялық құтқару жұмыстарына 3233 адам және 1247 техника жұмылдырылды. Авариялық құтқару жұмыстары кезінде 790 адам құтқарылды, 166 зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Төтенше жағдайлар аумағынан 351 адам және 137 техника көшірілді. 50 мәйіт шығарылды, соның ішінде 7 бала.
Облыстағы «Жас құтқарушылар» клубы Әзербайжан Республикасы ТЖМ-нің ұйымдастыруымен өткен Гябяля қаласындағы ІІ Халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасындағы сайысқа қатысып, 24 команда ішінен 3 жүлделі орынды иемденіп қайтты.
2013 жылдан бастап республикалық маңызы бар авариялық қауіпті жолдардың учаскелерінде трассалық-медициналық құтқару бекеттері тәулік бойы кезекшілікті жүзеге асырады, облыста жедел медициналық көмек көрсету үшін 3 трассалық-медициналық құтқару бекеттері құрылған (Шиелі, Жосалы және Әйтеке би кенттерінде). Трассалық-медициналық құтқару бекеттерінің бригадасына жедел әрекет ету үшін 50 шақырым қызмет жасау көлік жолдардың учаскелері бекітілген. Трассалық-медициналық құтқару бекеттерінің бригадасы шамамен 30 минут ішінде қызмет жасау орнына жетеді.
2014 жылда апаттар медицинасы орталығы және трассалық-медициналық құтқару бекеттері төтенше жағдайларға 117 рет шықты. 147 зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді және 28 адам ауруханаға жатқызылды.
2014 жылы өрт оқиғаларының алдын алу, болдырмау бағытында Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері профилақтикалық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, оның ішінде аймақтағы бекітілген нысандардың өрт қауіпсіздігіне бақыла жұмыстары жүргізілді. Есепті кезеңде облыс көлемінде түрлі шаруашылық бағыттағы 861 нысанға бақылау жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 18 онеркәсіптік және тіршілікті қамтамасыз ету нысандар, 843 әлеуметтік-мәдени бағыттағы нысандар. Тексеру кезінде 2651 кемшілік анықталып, 61 нысанның жұмысы ауданаралық экономикалық сотының шешімімен уақытша тоқтатылды.
Өрт қауiпсiздiгi қағидасы талаптарын бұзған 640 жеке және заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік өндіріс қозғалып, 10 млн 973 мың 100 теңге айыппұл салынды.
2014 жылы Қызылорда облысы бойынша 513 өрт оқиғасы орын алды, материалдық шығын 160 млн 989 мың 114 теңгені құрады, өрттен 9 адам қаза болды, 17 адам зардап шекті.»
Сонымен бірге, жұмыс қорытындылары бойынша ведомствалық бағынысты бөлімшелер мен құрылымдық мекемелер басшыларының баяндамалары тыңдалды.
Жиын қорытындысында ҚР ІІМ ТЖК төрағасының орынбасары генерал-майор Ж.Қ.Жұмашев департаменттің жұмысына оң баға беріп, алдағы уақытта барлық бағыттағы құрылымдық бөлімшелердің жұмысын бұдан әрі дамыту үшін нақты тапсырмалар жүктеді.
Қызылорда облысына жұмыс сапары кезінде ҚР ІІМ ТЖК төрағасының орынбасары Төтенше жағдайлар департаментінің 2014 жылдың күзінде берілген жаңа ғимаратында болды. Сондай-ақ, Ж.Қ.Жұмашев ТЖД-нің құрылымдық бөлімшелерінің ғимараттарына да барды.
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы