Ақмола облысында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады

«20 маусымда сағат шамамен 10-00-де Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Родина ауылынан 10 шақырым жерде егістік алқабын химиялық өңдеп жүрген АН-2 ұшағы апатқа ұшырады. Апат салдарынан ұшақ ұшқышы қаза тауып, 2 экипаж мүшесі жарақат пен күйік шалып, ауруханаға жеткізілді.Ұшақтың құлау себебі анықталып жатыр», - деді ол.