Ресейде көп балалы отбасыларды қолдауға арналған заң қабылданды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Тұрғын үй мәселесін біржола шешуге Ресей үкіметі де кірісіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Солтүстіктегі көршілер бұл бағытты көп балалы отбасыларға қолдау көрсетуден бастады. Тіпті арнайы заң қабылдады. Оған сәйкес 2019 жылдың бірінші қаңтары мен 2022 жылдың 31 желтоқсаны арасында ерлі-зайыптыларда үшінші немесе төртінші бала дүниеге келсе, оларға мемлекеттен 450 мың рубль беріледі. Ол бір реттік және тек қана ипотекалық несиені төлеуге жұмсалады. Оның үстіне пәтер отбасының жалғыз баспанасы болуы шарт. Қабылданған ережені жергілікті тұрғындар әлі қызу талқылап жатыр. Дегенмен Ресей үкіметі қазірдің өзінде көп балалы отбасыларға 10 мллиард рубльдей берілгенін мәлімдеді.