Қазақстан үшін жаңа байланыс спутнигі шығарылады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Францияда КазСАТ-2Р жаңа байланыс спутнигін шығару жөнінде келісссөздер жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Шығарушылардан КазСАТ-2Р өндірісін нақты Қазақстанда орналастыру мүмкіндіктері туралы сұрап жатырмыз. Ұлттық ғарыш байланыс орталығында құрастыру-сынақ кешені салынған. Тап осы КазСАТ-2Р жобасында толығымен біздің технологиялық жүйеміз, қазақстандық мамандар қолданылады деген үмітіміз бар», - дейді «Республикалық ғарыш байланыс орталығы» АҚ басқармасының төрағасы Бауыржан Құдабаев.