Ауа райы: Бейсенбіде елімізде күн райы ашық болады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Синоптиктердің болжауынша бейсенбі күні елімізде күн райы ашық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Алматы, Ақтөбе, күндіз Жамбыл, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді. Ақмола, Павлодар облыстарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Атырау облысында, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарның кей жерлерінде күндіз қатты ыстық күтіледі.
Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Алматы, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.