ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСПЕН АЙНАЛЫСАТЫН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА
«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерді оқытуға бағытталған «Іскерлік байланыстар» және «ШОБ топ – менеджментін оқыту» жобаларына қатысуға өтініштер қабылдайды.
Еске сала өтсек, аталған жобалар қазақстандық кәсіпкерлердің кәсіпкерлік әлеуетін еліміздің алдыңғы қатарлы ЖОО бірі «Назарбаев Университеті» базасында отандық және шетелдік тренерлердің дәрісі арқылы оқытуға бағытталған. Оқыту тегін жүргізіледі, сондай-ақ «Іскерлік байланыстар» және «ШОБ топ – менеджментін оқыту» жобасының бірінші этапының қатысушылары Германияда салалас кәсіпорындарда төрт апталық іс-тәжірибелік сапарға баруға болатын мүмкіндікке ие болады, аталған іс-сапарда кәсіпкерлер қол жеткізетін артықшылықтар: технологияны трансферт жәнеқұрал-жабдықтар алу; тауар, өнім мен қызметті өзара алмасу; франшиза мен лицензия алу; мамандар және эксперттер шақырту.
Атап өтетін жайт, шетелдік іс-сапар толығымен мемлекет тарапынан төленеді және кәсіпкер шетелдік серіктестермен тегін түрде қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік алады. «Іскерлік байланыстар» жобасының екінші этапы жүзеге асқан уақыттан бері Қызылордалық шағын және орта бизнестің 12 кәсіпкері АҚШ пен Германияда тәжірибелік сапарда болып қайтты. Сонымен қатар, «Назарбаев Университетінде» «ШОБ топ – менеджментін оқыту» жобасы аясында 43 кәсіпкер табысты бизнес құрудың жаңа модельдеріне оқып шықты және «Іскерлік байланыстар» жобасының бірінші этапы бойынша 81 топ-менеджер өз білімін шыңдады.