«Ахмет Байтұрсынұлы мұралары және латын әліпбиі»
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданында «Ахмет Байтұрсынұлы мұралары және латын әліпбиі» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Оған облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының директоры, тарих ғылымының кандидаты Н.Мыңжас, «Өрлеу» БАҰО-ның аға оқытушысы М.Орманова, облыстық мемлекеттік архивтің құжаттарды пайдалану және жариялау бөлімінің басшысы Ж.Алтынбаева және жалпы білім беру ұйымдарының қазақ тілі мұғалімдері қатысты.
Семинарда А.Байтұрсынұлының тіл тарихына қосқан үлесін, оның латын әліпбиі негізіндегі еңбектерін зерттеу, латын әліпбиін насихаттау бағытында мұғалімдердің шығармашылық ізденістері мен іс-тәжірибелерімен танысып, латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиін жас ұрпаққа үйрету мен оқытудың тиімді жолдарын біріге қарастырып, ой бөлісті.
«Тіл-тарих, тағылым» көрмесіне облыстық архив мұрағаттары және тарихи-өлкетану музей қорының мұрағаттары қойылды.
Семинар барысында ұстаз-ақын Сағыныш Утеулиеваның авторлығымен жақында ғана жарық көрген «Сырұя» өлеңдер жинағының тұсаукесері жасалып, кітабы семинар қонақтарына таратылды.
Түрлі форматта ұйымдастырылған іс- шаралар өзіндік мазмұндылығымен, шығармашылық тұрғыда ұйымдастырылуымен әріптестерінің көңілінен шықты. Латын әліпбиін жас ұрпаққа кеңінен насихаттауда кәсіби іскерліктері мен педагогикалық шеберліктерін танытып, өз іс- тәжірибесімен бөліскен шығармашыл мұғалімдер семинар соңында облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының «Алғыс хаттарымен» марапатталды.