19 маусымға арналған ауа райы
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 19 маусымда елімізді ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сәрсенбі күні атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерінде жаңбыр жауады, тек оңтүстік және оңтүстік-батыста күн райы ашық болады. Республиканың кей жерлерінде найзағай, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, солтүстіктін кей жерлерінде - тұман, күндіз дауыл күтіледі.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Солтүстік Қазақстан облысында дауыл күтіледі. Күндіз Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Алматы, түнде және таңертең Ақмола, күндіз Түркістан, Қостанай, Қарағанда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Ақтөбе облысының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан, Қостанай, Түркістан, Алматы облыстарында жоғары өрт қауіпі сақталады.