Қызылордада көпбалалы отбасыларды қолдау бойынша партиялық бақылау күшейтіледі
oldkaz.kyzylorda-news.kz. "Nur Otan" партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Қызылорда облысының әкімі, "Nur Otan" партиясы облыстық филиалының төрағасы Қ.Көшербаев халықтың әлеуметтік осал топтарын, оның ішінде көп балалы отбасыларды қолдауды партиялық бақылауға алуды тапсырды.
"Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдерімен бірлесіп, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қосымша қолдау шараларын ұсыну үшін 2019-2021 жылдарға арналған өңірлік Әлеуметтік жол картасын жүзеге асыру қамтамасыз етілсін және атқарылуына партиялық бақылау күшейтілсін", - деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ, облыс әкімі атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде заңсыз төленген қаржы анықталса, бюджетке қайтару жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.