Билік органдарының жұмысына партиялық бақылау күшейтіледі
oldkaz.kyzylorda-news.kz. "Nur Otan" партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында "Nur Otan" партиясы облыстық филиалының төрағасы Қ.Көшербаев билік органдарының қызметіне бақылау жасаудағы партияның шешуші рөлін атап өтті.
"Билік партиясы, ең бірінші, биліктің қызметіне сын көзбен қарауы тиіс, уақытылы ескертіп, қажет болса тиісті шаралар қабылдауға мұрындық болуы керек!", - деп атап өтті облыс әкімі бүгін Қызылорда қаласында өткен "Nur Otan" партиясы облыстық филиалының Саяси кеңесі отырысында.