Қазалы ауданында 454 түлек ҰБТ тапсырады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазалылық түлектер 21 маусым күні Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейде өтетін ұлттық бірыңғай тестілеуде бағын сынайды.
Биыл Қазалы ауданы бойынша 34 орта мектептен 656 оқушы түлеп ұшты. Қазіргі таңда бітіруші 656 оқушының 454-і (69,2%) ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірді.
Бүгінде мектептегі мемлекеттік емтихан қорытындысымен 17 мектептен 41 оқушы «Алтын белгі» белгісінің иегері, 10 мектептен 17 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды.
Аудандағы №226, 102, 104 мектептер бұл сынаққа оқушыларын 100 пайыз қатыстырғалы отыр.