Қармақшыда медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданында медицина саласының қызметкерлері күні салтанатты түрде аталып өтті.
Шарада сөз алған аудан әкімі Сұлтан Мақашов сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді.
Сонымен бірге медицина саласының дамуына үлес қосып жүрген абзал жандарға облыстық денсаулық сақтау басқармасының құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды.
ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы өңірімізде қарқынды жүзеге асуда.
«Жол картасы» бағдарламасы аясында 3 жаңа жедел-жәрдем көлігімен, сонымен қатар емдеу мекемелерінің техникалық базасы жаңа технологиялармен толығуда.
Аудан көлемінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды тұрғындар арасында насихаттауды кеңінен жүргізу, ақпараттық жүйелерді біріктіру, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу, кешенді медициналық ақпараттық жүйеге қосылу бағытындағы жұмыстар өзінің нәтижесін көрсетуде.
Салтанатты шара медицина саласының қызметкерлері мен аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.