Қызылордада «Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрмесі жұмысын аяқтады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Аймақ басшысы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжановқа облыс тұрғындарының Алғыс хатын табыстап, алдағы уақытта көрме жұмысына табыс тіледі.
Облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен көрменің жабылу салтанатында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш Президенттің рөлін атап өтті.
«Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Сыр халқына әрқашан қамқор болып, қолдап келді. Елбасы Сыр елін Алаштың Анасына балағаны баршаңызға белгілі. Елбасының «Тәуелсіздік жылдарындағы жетістікті бір ғана Қызылорда облысынан көруге болады» деген сөзі Сыр жұртшылығын қанаттандырып, алға қарай жетеледі. Көрмені 130 мыңнан астам Сыр өңірінің тұрғындары қызыға әрі мақтанышпен тамашалады. Сыр жұртшылығы, облыс ақсақалдары Елбасына деген алғаусыз алғысы мен риясыз көңілін хатқа түсіріп, Елбасына жолдауды жөн көріп отыр. Енді осы хатты өзіңізге табыстауға рұқсат етіңіз, ел ризашылығын Елбасына өз қолыңызбен жеткізсеңіз дейміз», - деді облыс әкімі.
Естеріңізге сала кетейік, «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрмесі өз жұмысын 5 сәуірде Шиелі және Қармақшы аудандарында жылжымалы экскурсиялар өткізуден бастады. Облыс орталығында Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесу, халықаралық ғылыми-практикалық конференция, сондай-ақ, жастармен кездесу ұйымдастырылды.
Айта кетейік, «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» жылжымалы көрме жобасы 2017 жылдың қараша айынан бастап жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде Түркістан, Атырау, Ақтөбе облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында жылжымалы көрме жобасы ұйымдастырылған. Көрме экспонаттарының арасында сирек кездесетін мұрағаттық құжаттар, фото-бейнематериалдар, Елбасының хаттары мен марапаттары бар.