Барлығына қауіпсіз қан!
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 14 маусым - Дүниежүзілік донор күні. Биыл бұл атаулы күн «Барлығына қауіпсіз қан!» ұранымен өтеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпараты бойынша, донация тіпті пайдалы болуы мүмкін: орташа есеппен қан тапсыратын адамдардың өмірлері бес жылға ұзарады. Ересек адамның денесінде 5,5 литр қан, бір уақытта донордан 350-450 миллилитрден аспайтың қан алады.
Қызылорда облыстық қан орталығында жыл сайын 7 394 тұрғын қан тапсырады. Облыстық медицина орталығының қызметкері Роза Нұрмаханова тұрақты донорлар қатарында.
«Міне, 15 жыл бойы қан тапсырамын. Жалпы, осы жылдар ішінде 50 литр сыйладым. Алғашқы рет қан орталығына балаға көмектесу үшін келдім. Енді жылына 2-3 рет қан алу процедурасына шақырады, - дейді Роза. Донациядан кейін көңіл-күй айтарлықтай жақсарады. Сонымен қатар, қан – денсаулықтың көрсеткіші. Мен қанның тобын, резус фактор, гемоглобин деңгейін және жұқпалы аурулармен ауырмайтының білемін. Донор салауатты өмір салтын жүргізуге тиіс. Донорлар мемлекеттік бюджет шеңберінде АИТВ-ға, В и С гепатитіне, мерезге тегін талдау ала алады. Осы мақсаттарға 2019 жылы мемлекеттік бюджеттен 583 млн.теңге бөлінді», - дейді облыстық қан орталығының директоры Серік Игембаев.
Осылайша, аймақта жыл сайын 30 207 пациент қауіпсіздікті қамтамасыз етудің барлық қажетті кезеңдерінен өткен қан компоненттерін алады.
Облыстық қан орталығының жұмысы барысында 46 693 донор қан тапсырып, базаға енгізілді. 2019 жылдың бес айында 2 310 литр қан дайындалды. Жалпы, қоймада бір жарым мың тонна.
Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының мәліметтері бойынша Қазақстанда жыл сайын 200 мыңнан астам адам қан тапсырады, олардың 18 мыңға жуығы 3-тен астам рет қан тапсырады.
Айгүл АХАНОВА,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының
халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлім сарапшысы