Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 15 маусымға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Тоқты
Мақсатқа жетуге деген құлшынысыңыздың, еңбекқорлығыңыздың арқасында көп жетістікке жетесіз. Материалдық жағдайыңыз жақсарады. Сондықтан қайырымдылықпен айналысқаныңыз жөн.
Торпақ
Кәсіби тұрғыда біліктілігіңіз артады. Жұмыста өз құзыретіңізді толық пайдаланасыз. Бүгін тіл табыса алмай жүрген адаммен ымыраға келесіз. Өзіңіз ақылға қонымды мінез-құлық танытсаңыз, жолыңыз әркез болады.
Егіздер
Қосымша табыс тауып, материалдық жағдайыңызды жақсартасыз. Маңызды шаруаларға білек сыбана кірісіңіз. Тез шешім қабылдауға тырысыңыз. Бүгін сіз көп еңбектенуіңіз қажет.
Шаян
Бүгін өміріңізді жаңа бағытқа бұрасыз. Сізді көп өзгеріс күтіп тұр. Ең алдымен өзіңізге не қажет екенін айқындап алыңыз. Сонан соң іске кіріскеніңіз жөн.
Арыстан
Өз ісіңізге мығымсыз. Сондықтан жұмыста қысқарып қаламын деген ойдан аулақ болыңыз. Егер басыңыз бос болса, екінші жартыңызды жолықтырасыз. Ал отбасылы болсаңыз бүгін өмірлік серігіңіз таңқалдыратын болады.
Бикеш
Арманыңызға жетуге бірнеше ғана қадам қалды. Сәттілік серігіңізге айналғалы тұр. Сондықтан тез шешім қабылдағаныңыз жөн. Нағыз бақытты күндерге қарай жақындап келесіз.
Таразы
Достарыңыздың арқасында үмітіңіз ақталады. Серіктестермен бірігіп жұмыс жасау өз пайдасын әкеледі. Өз күшіңізге сеніп, өзіңізді жоғары бағалаудан сақтаныңыз. Бұл мақсатқа жетуге кедергісін келтіруі мүмкін.
Сарышаян
Болмашыға бола мазаңызды қашырғыңыз келмейді. Алайда барлығы сіз қалағандай болмайтыны анық. Көңіл-күйіңіздің жоқтығынан жаныңыздағыларды ренжітіп алмаңыз. Бүгін отбасыңыздың жанында болыңыз.
Мерген
Мақсатқа жету оңай емес, бірақ табандылық танытар болсаңыз ойыңыздағы орындалады. Есіңізде болсын, бүгін тек өзіңіз сенетін адамдарға ғана сенім артыңыз. Әйтпесе, әлдекімдер алдап кетуі мүмкін.
Тауешкі
Табысыңыз артады. Бірақ бұл айлық жалақыңызға еш қатысы жоқ. Яғни, сіз қосымша табыс табатын боласыз. Жол сапарға шығыңыз, сонда сіздің үй шаруасы мен жұмыстан шаршағаныңыз басылады.
Суқұйғыш
Жұмысыңыз бірқалыпты. Жақындарыңызбен қарым-қатынасыңыз жақсарады. Жоспарланған барлық істі атқаруға мүмкіндігіңіз артады. Әріптесіңізбен қарым-қатынасты бұзып алмаңыз.
Балықтар
Бұрын атқарған жұмыстарыңыздың жемісін көресіз. Үй салу немесе отбасы құруды жоспарласаңыз, барлығына мұқият болыңыз. Мақсатқа жетуге нық қадам бассаңыз, өзгелердің қызғанышын тудыратындай әрекет етпеңіз.