17 маусым: Атаулы күндер мен оқиғалар
Қазақстанда медицина қызметкерлері күні
Медицина саласының қызметкерлері жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде кәсіби мерекелерін атап өтеді. Бұл күні сондай-ақ Армения, Беларусь, Молдова, Ресей, Украинада да дәрігерлерді құттықтау игі дәстүрге айналған.
1993 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институты құрылды. 1999 жылы ҚР ҰҚК Институты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясы деп өзгертілді.
2003 жылы Астанада «Думан» ойын-сауық орталығының ашылу салтанаты өтті. Орталық тропикалық балықтары бар мұхитаралдан, 5М-кинотеатрдан, Үлкен күмбезді кеңістіктен және тамақтандыру кәсіпорындары мен сауда жүйелерінен, «Джунгли» аттракционынан тұрады.
«Думан» ойын-сауық орталығының мұхитаралы - ТМД-дағы бірден-бір нысан. Бұл әлемдегі көк мұхиттан 3000 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан жалғыз мұхитарал, мұндағы су қоры 3 миллион литрді құрайды. Оны әзірлеуде 120 тонна теңіз тұзы пайдаланылған. Мұнда Жердің әр түкпірінен әкелінген 2000-ға жуық теңіз жәндіктері тіршілік етуде.
Мұхитарал түбінде жылжымалы жолмен жарақталған, қалыңдығы 7 сантиметрлік акрил шынысынан жасалған 70 метрлік дәлізі бар және әр түрлі көлемдегі 11 аквариумды екі үлкен көрме аймағынан тұрады.
2009 жылы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінде кореялық халықаралық ынтымақтастық жөніндегі «KOICA» агенттігі Қазақстанда туристік кластерді дамыту жобасын таныстырды.
Жобада Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында ғарыштық туризмді дамыту, Қамбаш көлінде курорттық аймақ салу, Қорқыт Ата мемориалдық кешенінде этнокурорт салу, сондай-ақ Атырау облысында «Сарайшық» керуен сарайы - туристік орталығын құру көзделген. Жоба 2011-2020 жылдарға есептелген.
2017 жылы Астанада электр энергиясын үнемдейтін күн батареяларымен жұмыс істейтін аялдамалар іске қосылды.