Ел алдындағы еңселі міндет
Ел Президентін ұлықтауға арналған шараға облыс делегациясы құрамында қатысуым менің өмірімдегі ең бір ұмытылмас сәттердің бірі болатыны анық. Өткен сайлауда халықтың басым бөлігі Тұңғыш Президенттің елдің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған шараларын жалғастырушы тұлға ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты таңдады.

Жаңа жұмыс орындарын ашу, тұрғын үй мәселесін шешу, әділетті әлеуметтік саясат, өңірлерді дамытуға айрықша мән берілетіні жайлы Президент сөзін жұрт ықыласпен қабылдады. «Рухани жаңғыру» құндылықтары біздің басты рухани бағдарымыз болып қала береді. Сонымен қатар, сыртқы саясат пен жастарды қолдаудың жаңа идеялары жайлы естідік.
Ел болашағын баянды ететін бұл бастамаларды жүзеге асыруға күллі ел атсалысады деп сенемін.
Аманбай ЕРХАТОВ
«Қызылорда балық СПК» ЖШС директоры