Байқоңырда «Спектр-РГ» обсерваториясын ұшыруға дайындық жүріп жатыр
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Байқоңыр ғарыш айлағында «Спектр-РГ» обсерваториясын алып ұшатын «Протон-М» тасымалдаушы зымыранын ұшыруға дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін 13 маусым күні ғарыш айлағында Мемлекеттік комиссияның отырысы болады, онда зымыранды ұшыруға дайындалу жұмыстары қорытындыланады.
Зымыран 14 маусым күні таңертең Байқоңыр ғарыш айлағының 81-ші алаңының ұшыру кешеніне шығарылады.
«Протон-М» тасымалдаушы зымыраны жоспарға сәйкес, 21 маусым күні Нұр-Сұлтан уақытымен 18:17-де ұшырылуы тиіс. «Протон» осымен Байқоңырдан биылдыққа екінші рет ұшпақ.
Ғарыш айлағына екі ай бұрын жеткізілген «Спектр-РГ» астрофизикалық обсерваториясының негізгі миссиясы - Ғаламды электромагнит сәулелерінің рентген диапазоны арқылы зерттеу, Ғаламның адамзат бақылайтын бөлігінің картасын жасау.