СӘБИДІҢ ЖОЛДАҒЫ ЕҢ АЛҒАШҚЫ САЯХАТЫ АВТОБЕСІКТЕ БОЛУЫ ТИІС
«Бала – басты жолаушы» атты түсіндіру компаниясы ОІІД-нің әкімшілік полиция қызметкерлері «Ана мен Бала» орталығының қызметкерлерімен және перзентхананың емделушілерімен кездесу өткізді.
«Сәбидің ең бірінші жол жүруі автобесікте болуы тиіс» деген лозунгпен емделушілерге автоорындықтардың, автобесіктердің, адаптерлердің түрлерін көрсете отырып, олардың тиімділігі жөнінде толық мағлұмат берілді. Сонымен қатар, бұл орындықтардың қалай қондырылатындығы жөнінде де тоқталды.
Болашақ аналар мен жас аналарға автокреслоларға жасалған краш-тестты көрсетіп, оның бала өміріне, баланың қауіпсіздігі үшін зор маңыздылығы да айтылып өтті.
Осы бағытта іс-шаралар аудан орталықтарында да жалғастыру жоспарлануда.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі