Елімізде үш түрлі әлеуметтік төлемнің мөлшері 30% көбейеді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазақстанда үш түрлі әлеуметтік төлемнің мөлшері 30 пайызға көбейеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Әлеуметтік төлемдер ұзақ мерзімде төленеді. Оның мөлшері елдегі инфляцияға байланысты көтеріліп тұрады. Бұл енді 5 пайыздан 8 пайызға дейін. Қандай инфляция болады, сондай әлеуметтік төлемдер көтеріледі. Бюджеттен төлейтініміз бар, содан кейін әлеуметтік қамту мемлекеттік қорынан төленеді», - дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев.