13 маусым күнгі ауа райы болжамы
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 13 маусым күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталып, жаңбыр мен найзағай болжанады. Елдің батысы мен оңтүстігінде бейсенбі жауын-шашынсыз өтеді. Кей өңірлерде найзағай, тұман, дауыл, желдің күшеюі және бұршақ күтіледі. Батыста шаңды дауыл тұруы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай және Павлодар облыстарында дауыл, 15-20 м/с екпіндегі жел, бұршақ болжанады.
Ақмола облысында күндіз дауыл тұрып, бұршақ жауады. Түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Атырау облысында күндіз дауыл тұрып, шаң көтеріледі, желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында желдің күші 15-22 м/с артатыны күтіледі. Шығыс Қазақстан облысында, күндіз Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, 15-20 м/с екпіндегі жел, бұршақ болжанады.
Күндіз Қарағанды, Атырау, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық күтіледі.
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарының жекелеген жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.