Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 13-15 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ауа температурасы қысқа мерзімге жоғарылағанымен, кейін қайта төмендейді. Республикамыздың басым бөлігінде температура орташа көпжылдық мәннен төмен болады. Тек Маңғыстау облысында күн ыстық болады. Өңірде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.