Қызылордада «Барлығына бірдей, әркімге қолжетімді» акциясы қорытындыланды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Электронды үкімет веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыруға бағытталған көпкүндік науқан барысында 3 мыңнан астам өтініш тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

«№129 мектепте техперсонал болып жұмыс істеймін. 5 балам бар. «EGOV» арқылы құжаттар тапсырғанмын. Қызым үйден оқиды. Нұрайым Камал деген қызым бар, соның құжаттарын өткізгенмін ХҚКО. Бүгін сыйлыққа ие болып, ноутбук ұтып жатырмыз. Қуанышымда шек жоқ, рахмет сіздерге», - дейді акция жеңімпазы Айсұлу Ахметова.