Жауын, жел, бұршақ- сәрсенбіге арналған ауа райы
oldkaz.kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК 12 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде дауыл, желдің 15-23 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, желдің 15-20 м/с күшеюі, күндіз кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жауады.
Шығыс Қазақстан облысында, күндіз Түркістан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі, түнде және таңертең Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде Павлодар облысының кей жерлерінде тұман болады.
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды Түркістан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.