Қызылорда облысы: ИИДМБ-2 аясында 6 мың жұмыс орнын құрайтын 28 жоба жүзеге асырылады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Сыр өңірінде «Мемлекеттік индустриялық инновациялық даму бағдарламасының» екінші кезеңі аясында 25 өңірлік және 3 республикалық кәсіпкерлікті қолдау картасындағы жобалар жүзеге асырылуда. Оның ішінде 677 жұмыс орны құрылған 7 жоба іске қосылды.
ИИДМБ-2 аясында Қызылорда облысында 7 жоба жүзеге асырылды, деп хабарлады облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы.
Естеріңізге сала кетейік, индустрияландырудың бірінші бесжылдығында өңірде 17 жоба жүзеге асырылып, 1000 жуық жұмыс орын ашылды.
Екінші бесжылдықтың 28 жобасы ішінде 7 жоба 2015-2018 жж. жұмысын бастаса, тағы да 7 ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында жоспарлық қуаттылығын 90-100 пайызға игерді.
Барлық 28 жобаның толық іске қосылуынан кейін аймақта 6000 астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.