Монополист компания сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ашықтықты таңдады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысындағы электр энергиясын таратушы монополист мекеме «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ жеке және заңды тұлғаларға қолайлы жағдай жасау мақсатында өз бизнес процесстерін оңтайландыруда.

Азаматтарға қолайлы және сапалы қызметтерді құру мақсатында Агенттіктің облыстағы департаменті мен «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандум аясында әкімшілік кедергілерді болдырмау, сапалы мемлекеттік қызметтерді көрсету, бизнес процесстерді жетілдіру, арнайы комплайнс қызметін құру және компанияның жұмыс жасау тәртібіне «Open space» форматын енгізу шаралары қолға алынды.
Осы орайда, компаниямен жеке және заңды тұлғаларға техникалық шарт беру қызметінің стандарттары әзірленіп, осы стандарт негізінде қызмет көрсетуді бастап кетті.