ҚР Денсаулық министрлігі жалақыны көтеру мәселесі бойынша қауырт желіні іске қосты
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Денсаулық сақтау министрлігі медицина саласының қызметкерлерінің жалақысына қатысты қауырт желіні іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Денсаулық сақтау министрлігінде 2019 жылдың 1 маусымынан бастап денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің жалақысына қатысты сұрақтар бойынша қауырт желі телефоны іске қосылды. Қосымша сауалдарыңыз болса, жұмыс күндері сағат 9-00 ден бастап 18.30-ға дейін 8 (7172)74-32-17 телефонына хабарласа аласыздар», делінген хабарламада.
Министрлік дәрігерлерге осы мәселе бойынша кәсіподақ ұйымдарына хабарласуға болатындығын жеткізді.
Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы: М.С.Бутина, телефоны: 8-701-722 -9153; Б.А.Тәжібай, телефоны 8 (7172)-25-49-30; Г.Е.Мусина, телефоны: 8-702-999-4040. «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының телефоны: И.А.Тощева 8 (7172)-20-23-72.
Еске сала кетсек, бұған дейін министрлік маусым айының соңында денсаулық сақтау жүйесіндегі 400 мыңға жуық адамның жалақысы 30 пайызға өсетіндігін хабарлаған болатын. Қызметкерлердің еңбекақысы олардың лауазымына, жұмыс өтілі мен біліктілік санатына қарай өседі.