ҚР ОСК Президент сайлауының түпкілікті қорытындысын шығарды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылдың 9 маусымында өткен кезектен тыс президент сайлауының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сондай-ақ Амангелді Таспиховқа 182898 дауыс берілді, бұл дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 1,98 проценті, Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6539715 дауыс немесе сайлаушылардың 70,96 проценті дауысын берді. Сәді-Бек Түгел 84542 дауыс немесе сайлаушылардың жалпы санының 0,92 процентінің дауысын алды», - деді ҚР ОСК мүшесі Ләззат Сүлеймен.
