Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
oldkaz.kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК 11 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстанның басым бөлігінде найзағай жарқылдап, жаңбырлы құбылмалы ауа райы сақталады. Тек республиканың батысында - ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Республика бойынша кей жерлерде найзағай, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.
Алматы, Жамбыл, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл, желдің 15-23 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.
Шығыс Қазақстан облысында, күндіз Түркістан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі, түнде және таңертең Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Түнде Павлодар облысының кей жерлерінде тұман болады.
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, қостанай, Қарағанды Түркістан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.