Ел болашағына жасалған таңдау
oldkaz.kyzylorda-news.kz. ҚР Президенті сайлауы шынайы, әрі әділ өтті. Барлық президенттікке үміткерлер мен олардың сенімді өкілдеріне халыққа өздерінің сайлауалды бағдарламаларын жан-жақты жеткізуге толық мүмкіндік жасалды. Бағдарламалармен танысып, қаныққан көпшілік сайлау күні өздерінің қалаған кандиттарына дауыс берді.
Жалпы бұрынғы сайлау жылдарымен салыстырғанда азаматтардың құқықтық сауаты мен белсенділігі артқан. Бұл біздің құқықтық мемлекет құруға деген талпынысымыздың белгісі. Меніңше, сайлау – қоғам дамуының жақсы көрсеткіші.
Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеңісі заңдылық деп ойлаймын. Өйткені, ол өзінің білікті, білімділігімен және дипломатиялық жұмыстарымен жоғары деңгейден көрініп жүрген азамат. Елдің болашағына үлкен сенім артуға болады.
Ибадулла ҚҰТТЫҚОЖАЕВ,
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжінің директоры