Ауа райы: Алдағы үш күнде жаңбыр толастамайды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 11-13 маусымға арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Алдағы үш тәулікте республикаға салқын және ылғал ауа келетіндіктен ауа райы қазіргісінен өзгермейді. Бұрынғыдай еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болады, найзағайлы өткінші жаңбыр, республиканың таулы аймақтары мен тау бөктерлерінде қатты нөсер күтіледі.
Ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен 3...5°С төмен сақталады.
Тек батыс және оңтүстік батыста жоғарғы атмосфералық қысымның әсерінен жауын-шашынсыз және ыстық ауа райы күтіледі, күндіз ауа температурасы 30...38°С дейін жоғарылайды.