ОСК: Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлаушылардың 70,76 пайызы дауыс берді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 9 маусым күні өткен кезектен тыс президенттік сайлауда Қазақстан сайлаушыларының 70,76 пайызы "Нұр Отан" партиясының кандидаты, іс басындағы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдап дауыс берді. Сайлаудың алдын ала қорытындысын бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, тізімге енгізілген сайлаушылардың 77,4 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.
Олардың ішінде Ақмола облысы бойынша 83,4, Ақтөбе облысы бойынша 84,9, Алматы облысы бойынша 89, Атырау облысы бойынша 71,2, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 84,9, Жамбыл облысы бойынша 81,3, Батыс Қазақстан облысы бойынша 66,3, Қарағанды облысы бойынша 77,3, Қызылорда облысы бойынша 81,6, Қостанай облысы бойынша 84,1, Маңғыстау облысы бойынша 68,9, Павлодар облысы бойынша 81,2, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 79,8, Түркістан облысы бойынша 84,8, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 68,9, Алматы қаласы бойынша 52,2, Шымкент қаласы бойынша 67,6 пайыз сайлаушылар дауыс берді.