Аралда мас ер адам бюллетень салынған жәшікті тепті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Арал қаласында мас ер адам сайлау учаскесінде бюллетень салынған жәшікті тепті. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Орталық сайлау комиссиясының брифингінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Қызылорда облысы Арал қаласының №42 учаскесінде шамамен сағат 9-да азамат мас күйінде құжатсыз дауыс беруге келген. Сайлау комиссиясының мүшелері оның жеке куәлігін талап еткеннен кейін, ол жанжал шығарған. Сайлау учаскесінен шығып бара жатып, ол урнаны теуіп кетті. Бюллетень салынған жәшік бүлінген, оны ауыстырды. Азаматқа қатысты оны жауапкершілікке тарту шаралары қабылданып жатыр», - деді Қожаев.
Жалпы, оның айтуынша, айтарлықтай ереже бұзушылықтар тіркелмеген.