Қызылорда облысында 366 сайлау учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында сайлауды жоғары деңгейде өткізу үшін 366 аумақтық сайлау учаскесі жұмыс жасауда.
Ал, Қызылорда қаласында бүгінгі саяси науқанға 197 785 сайлаушы қатысуы керек.Қазіргі таңда, Нұрсұлтан қаласының уақытымен сағат 10.00-де Қызылорда қаласымен сағат 9.00-де облыстың 490 898 сайлаушысынан 192 295 адам яғни 39,3 пайызы дауыс берді.
Өңірдегі сайлаудың барысын байқау үшін облысқа 2 ұзақ мерзімдік және 13 қысқа мерзімдік шетелдік байқаушы тіркелген. Олар таңертеңнен бері облыс орталығы, аудан мен қалалардағы және ауылдағы учаскелерді аралап, сайлау барысын байқап жүр.



















