Әлеуметтік желілерді бақылауға 1,7 миллиард теңге бөлінген
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Елімізде интернетті бақылау үшін жаңадан автоматтандырылған жүйе енгізілмек. Оны құрастырып шығару үшін республикалық бюджеттен 1,7 миллиард теңге бөлініп қойған, деп жазады KTK.KZ.

«Қазақстанда тыйым салынған ақпараттың бәрін жоямыз. Оларға қатысты шара қолдану үшін жиналған мәліметтерді Бас прокуратураға, Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қауіпсіздік кеңесіне береміз. Жалпы жүйені күзде сенаторларға таныстырамыз деп отырмыз», - дейді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.