«Әлеуметтік дүкен» қоры азық-түлікпен толықты
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Өздеріңізге белгілі, Сырдария ауданында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету мақсатында «Әлеуметтік дүкен» жұмыс жасап келеді. "Әлеуметтік дүкенде" көпбалалы отбасыларға 30 және 50 пайыздық жеңілдіктер қарастырылған.
Кеше «TuzkolMunaiGaz» компаниясының өкілі М.Исағұлов «Жастар мәселелерінің орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Б.Егізбаевамен бірлесіп, «Әлеуметтік дүкенге» 2,5 тонна азық-түлік әкеліп, қайырымдылық көмек көрсетті.
Игі іске үлес қосқан азаматтар аудан әкімі Ғ.Қазантаевтың қабылдауында болып, аудан басшысы компания өкілдеріне сырдариялықтарға көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді.
Кездесу барысында аудан басшысы ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды айтты. Серпінді істердің арқасында аудан биік белестерді бағындырып келе жатқанын тілге тиек етіп, «TuzkolMunaiGaz» компаниясының өкілі М.Исағұловқа «Алғыс хат» табыс етті.
Сондай-ақ, кеше «Қызылорда жолдары» ЖШС өкілдері де игі іске өз үлестерін қосты. Серіктестік дүкен қорына 5 тонна ұн, 1,5 тонна күнбағыс майын түсіріп, «Әлеуметтік дүкен» қоры мол азық-түлік өнімдерімен толықты.